Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой астанада карантин неліктен күшейтіліп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл аймаққа» енді. Яғни мұнда R санының репродуктивтілігі 1,26-ға жетті. Бұл – қауіптенерлік фактор. Сол себепті қала деңгейінде нақты шараларды қабылдау туралы шешім қабылданды. Біз бұл шектеу шараларын қолдаймыз. Жағдайды теңестіру керек. Әлбетте жағдай үрейлі деуге келмейді. Алайда коронавирус жұқтырған азаматтардың саны артып кетпеуі үшін алдын алу шараларын қабылдау керек», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек 14 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанна Пірәлиеваның қаулысы жарияланған болатын.