25 мау, 2020 сағат 20:18

Алексей Цой экс-министр Біртановқа: Жылдам сауығып, қатарға оралуыңызды тілеймін

Бүгін Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалған Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановқа тез сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Құрметті Елжан Амантайұлы! Ел үшін күрделі осынау кезеңде Сіз коронавируспен күресте алғы шепте жүрдіңіз. Сіздің өңірлердегі және инфекция ошақтарындағы, тікелей халықпен және мамандармен жұмысыңыз денсаулық сақтау жүйесіндегі позитивті өзгеріске алып келді. Өкінішке қарай, виру ешкімді аяп жатқан жоқ. Жылдам сауығып, қатарға оралуыңызды шын жүректен тілеймін», - деп жазды А.Цой Facebook-тегі парақшасында.

Еске салайық, бүгін ҚР Президентінің Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалды.