Ресейдің қоғам қайраткері Алексей Навальный Харп кентіндегі "Полярная сова" түзеу колониясында қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BBC News-ке сілтеме жасап.
"Сотталған А.А.Навальный серуеннен кейін өзімді нашар сезіндім деп бірден есінен танып қалған. Дереу мекеменің медицина қызметкерлері, жедел медициналық бригада шақырылды. Барлық қажет реанимациялық шаралар жүргізілген. Бірақ оң нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын растады", - делінген Федералдық қылмыстық атқару қызметінің мәлімдемесінде.