11 қаң, 2021 сағат 15:45

Александр Бублик Анталияда әлемнің оныншы ракеткасын ұтты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Анталия ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

А.Бублик ширек финалда әлемнің оныншы, осы доданың 1-ракеткасы, италиялық Маттео Берреттинимен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда қарсыласынан тай-брейкте басым түсті – 7:6 (8:6). Екінші сетті де жеңіспен аяқтай білді – 6:4.

Бәсеке 1 сағат 31 минутқа созылды.

Александр матч барысында екі мәрте брейк жасаса, қарсыласы біреумен шектелді. Сондай-ақ А.Бублик 11 рет (М.Берреттини – 7) эйс жасай алды. 

А.Бублик финалға шығу үшін әлемнің 72-ракеткасы, франциялық Жереми Шардимен таласады. Бұдан бұрын Бублик осы турнирде Андрей Голубевпен бірге жұптық сында ширек финалда осы Ж.Шарди мен тағы бір франциялық Фабрис Мартеннен 1:6, 1:6 есебімен ұтылып қалған болатын.