Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдегі үздік елу теннисшінің қатарына қайта кірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) бүгін жария еткен рейтингте А.Бублик 52-ден 49-орынға көтерілді.
Осылайша қазақстандық теннисші бір апта бұрын жоғалтып алған орнына қайта оралды. Ол биылғы ақпандағы үздік көрсеткішіне (47) жақын тұр.
Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин 88-ден 89-ға төмендесе, Дмитрий Попко 178-ден 173-ке жоғарылады.
Көш басындағы үштікте (сербиялық Новак Джокович, испаниялық Рафаэль Надаль, аустриялық Доминик Тим) ешқандай өзгеріс болмаса, кеше Санкт-Петербург турнирінің
чемпионы атанған ресейлік Андрей Рублев өз спорттық жолында алғаш рет 10-нан 8-орынға көтерілді.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Чехияда бүгін басталатын Острава WTA жарысында бақ сынайды. Ол ертең алғашқы айналымда
іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірі, ресейлік Дарья Касаткинамен шеберлік байқасады.