Алакаөлге алып баратын пойыздың вагондарының саны артады, – деп хабарлады Аltaynews.
Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов айтты.
Оның сөзінше, келесі жылы жазда Жалаңашкөлге дейінгі пойыздар жиі жүреді және вагондарының саны артады.
Бұрын бес вагон еді. Келесі жылы саны 7-8-ге жетеді, – деді Нұржан Жұмаділов.