16 нау, 2021 сағат 10:45

«Әл-Фараби» кен орнында барлау жұмыстары жүргізіледі

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев «Лукойл» ЖАҚ президенті Вагит Алекперовпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР ЭМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев «Лукойл» ЖАҚ президенті Вагит Алекперовпен жер қойнауын пайдалану саласындағы бірлескен жобаларды дамыту және «Әл-Фараби» жобасы бойынша өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. 

«Кездесу қорытындысы бойынша «Әл-Фараби» теңіз учаскесін бірлескен игеру аясында тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылды. Келесі кезеңде тартылған стратегиялық серіктес - «Лукойл» ЖАҚ пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қол қою көзделеді», - делінген ведомство ақпаратында.