Ұлттық банк өкілдері акционерлеріне капиталға міндетті түрде ақша құю туралы шарт қойды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Парламент палатарының біріккен отырысы барысында айтты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.
Банк төрағасының айтуынша, банк активтерінің сапасына баға беру бойынша жұмыстар жүгізіледі. Ақышев бұл тексерістерден кейін банктің шынайы жағдайы көрінетінін айтып өтті.
"Банк акционерлерінің капиталға айтарлықтай ақша құюына қатысты проблема туындап тұр. Ұлттық банк өкілдері қазіргі уақытта акционерлерде бір уақытта бірден айтарлықтай сомада қаражат құю мүмкіндігі жоқ екенін түсініп отыр. Сондықтай мынандай ұсыныс бар - Ұлттық банк қазіргі уақытта банк секторын сауықтыруға бағытталған бағдарламаны аяқтауға жақын қалды. Оның айтуынша, Ұлттық банк ресурс жағынан қолдау көрсете алады, бірақ ол қаражат белгіленген уақытта қайтарылуы тиіс болады. Қанша уақыт берілетіні әзірші белгісіз, талқыланып жатыр", - деді Данияр Ақышев.
"Біз осы бағдарламаны жыл соңына дейін жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Банктер барлық халықаралық өлшемге сәйкес болады. Осыдан кейін ғана біз банк рейтингін көтеріп, қаржы жағдайымызды жақсартамыз. Банк секторы Ұлттық банк пен үкімет берген тапсырмаларды орындай отырып, сауықтырылатын болады", - деді Ұлттық банк төрағасы.
Еске сала кетейік, 2 наурызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев банк секторын сауықтыру үшін Ұлттық қордан триллион теңге бөлу туралы қаулыға қол қойған болатын. "Қаулы етемін: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан банк секторын сауықтыру үшін республикалық бюджетке 2017 жылға 1 (бір) триллион 92 (тоқсан екі) миллиард 941 (тоғыз жүз қырық бір) миллион 288 (екі жүз сексен сегіз) мың 400 (төрт жүз) теңге бөлу", - делінген еді ҚР Президентінің қаулысында.