ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған жыр эстафетасына қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Министр халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлы жолдаған жыр эстафетасын қабыл алып, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдəулетке, барша оқырман қауымға жолдады» делінген ведомствоның ресми сайтында жарияланған ақпаратта.
Ақбота Райымқұлова ақынның «Үш бақытым» атты өлеңін оқып берді.