Ақтоғай стансасынан Алакөл демалыс орнына қалай жетуге болады? Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Виктор Бошманн айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біз адамдарды Ақтоғайдан Алакөлге дейін автобуспен жеткізудің жолдарын қарастырудамыз. Өйткені пойыз Алакөлдің өзіне дейін бармай Ақтоғайдан бұрылып кетеді. Сол үшін де «Kazakh Tourism» компаниясы арқылы келушілерді автобуспен тасымалдайтын туристік компания іздедік, әзірге нәтижесіз. Ақтоғай стансасынан ары қарай адамдарды Алакөлге жеткізетін қатынас құралын тапсақ, келушілердің де саны арта түсер еді», - деді В. Бошманн.
Оның айтуынша, Алакөлге барушылар әзірге Ақтоғай стансысынан түсіп, басқа пойызға мініп жолды ұзартуға мәжбүр.
