27 сәу, 2021 сағат 16:43

Ақтөбенің бас даңғылында көлігімен қарсы бағытқа шығып жүйткіген жасөспірім ұсталды


Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойында көлігімен қарама-қарсы бағытқа шығып, жүйтки жөнелген жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен видеодан Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылын анық көруге болады. Бұл видеоны полиция қызметкерлері дереу назарға алып, тексеру жүргізді. 

«17 жастағы жасөспірімнің аты-жөні анықталды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бабы аясында хаттама толтырылды. Айыппұлды ата-анасы төлейді. Бозбаланың жүргізуші куәлігі жоқ», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.