17 қаз, 2020 сағат 09:45

Ақтөбеде туған америкалық бойжеткен туыстарын іздейді

Қазақстаннан асырап алынған АҚШ тұрғыны Яна Герати биологиялық әке-шешесін іздеуде. Бұл жайында Яна Facebook-тегі Қазақстан-Америка қауымдастығы парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Атым - Яна. Биологиялық әке-шешемді, отбасымның мүшелерін тапқым келеді. Бұл топ (Kazakh American Association) биологиялық ата-анамды табуға көмектеседі деп естіген едім. Мені Қазақстаннан асырап алған. 1992 жылдың мамырында Ақтөбеде дүниеге келгенмін. Мені 2001 жылы 10 жасымда америкалық ата-ана бауырына басты. Туған отбасымды табуға біреулер қолұшын беріп жатса, риза болар едім. Кез келген көмек - мен үшін өте маңызды», - деп жазды ол. 

Янаның атап өтуінше, қолында құжаттары бар. Алайда қандай да бір ұйымға хабарласуға қорқады. Себебі бұған дейін оны бір мәрте алдап кеткен. 

Ал АҚШ-тағы асырап алған ата-анасы Янадан жасөспірім кезінде бас тартқан. Сондықтан олардан қандай да бір ақпарат алу қиын. 

«Мені асырап алғанға дейінгі Қазақстандағы аты-жөнім - Гранчевич (Granchevitch) Яна Манольевна. Анамның аты - Гранчевич Марина Павловна (1964 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келген), әкемнің аты - Гранчевич Маноль Томович», - дейді Яна. 

Яна Гератидің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Фредериксбургте (Вирджиния) тұратыны және АҚШ армиясында қызмет ететіндігі көрсетілген.