24 ақп, 2021 сағат 20:31

Ақтөбеде шекара бұзған екі ресейлікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде «Мигрант» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Шекараны заңсыз кесіп өткен екі Ресей азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбеде көші-қон заңнамасын бұзған 431 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде 225-і шетелдік және 206-ы Қазақстан азаматы. Үш шетелдік шекарадан шығарылды. 

«Екі Ресей азаматы Қазақстан шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында көші-қон қызметкерлері ҮЕҰ өкілдері, «Дәріс» ақпараттық-консультативтік орталығымен бірлесіп, Өзбекстан азаматы Дилмурод Жалиловтың жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге көмектесті. Өзбекстан азаматы Дилмурод Файзуллаевтың билетін сатып алып берді. Олар өз Отанына оралды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.