04 жел, 2020 сағат 12:20

Ақтөбеде өзбекстандықтың сөмкесінен 2 келі есірткі заты тәркіленді

Ақтөбе полициясы 33 жастағы Өзбекстан азаматтан 2 келі марихуана тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел - алдын алу шарасы өткізілді. Полиция қызметкерлері «Қалалық прокуратура» бау - бақша ұжымының жанында «Mitsubishi Galant» маркалы көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде 33 жастағы жолаушыдан салмағы 2 келі болатын есірткі заты бар пакетті тәркіледі. 

«Өзбекстан азаматының уақытша қоныстанған баспанасын тінті кезінде тағы 8 келі ескірткі тәркіленді. Ол Кішпішті шағын ауданындағы үйдің ас бөлмесінде тұрған көлік доңғалағына 1 пакетті жасырған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қолға түскен шетелдік Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақтөбе облыстық ПД қызметкерлері жыл басынан бері 500 келіден астам есірткі тәркіледі. Барлығы 80-нен астам қылмыстық іс қозғалды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.