10 жел, 2025 сағат 11:06

Ақтөбеде ер адам үйіне мас күйінде келген әйелін пышақтап тастады


Фото: Криминальный Казахстан
41 жастағы өңір тұрғыны қызғанышқа беріліп, таңертең көршісінен бір ғана халатпен мас күйінде оралған жұбайын соққыға жыққан. Қорғанбақ болған әйел ас үй пышағын ұстап үлгерген, алайда ер адам оны жұлып алып, әйелдің ішіне сұғып жіберген. Жарақат алған әйел іш жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап. 

Сот отырысында ер адам кешке әйелімен бірге алкоголь ішкендерін, одан кейін түннің ортасында жұбайы үйден шығып кетіп, тек таңертең бір халатпен оралғанын айтты. Оның айтуынша, ашу көршісі әйелдің қалған киімдерін және кілттерін әкеліп, «ұмытып кетіпті» дегеннен кейін басталған.

Ал көршінің соттағы сөзінше, ол әйелмен бірге бір бөтелке арақ ішкен, содан кейін әйел үйіне кетіп қалған. Жәбірленуші сотта күйеуін кешіргенін және ем қабылдағанын айтты. Соған қарамастан, сот айыпталушының қоғамнан оқшауланған жағдайда жаза өтеуі қажет деген шешімге келді.

Қызғаншақ ер адам 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғандықтан, қатаң режимдегі мекемеде өтейтін болды.