#
#
Жексенбі 17/01/2021

Ақтөбе облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

  • 30.11.2020
  • 0
  • 177

27 қараша күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жасағы елікті заңсыз атумен айналысқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталғандай, 24 қарашада ҚР азаматы Т. өзінің достары – Ақтөбе қаласының тұрғындарын аң аулауға шақырған. Аталған адамдар тобы 3 автокөлікпен 6 дана елікті атқан. 

«Жамбыл» шекара бөлімшесінің учаскесінде ұсталған көлікті тексеру кезінде елік ұшасы мен 8 қару табылған.

«Ұсталғандар іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Әйтеке би аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылды. Қазақстанда 18-20 мың елік бар, оларды аулау тек лицензия бойынша жүргізіледі. Аналықтар әдетте 9 айда өте әдемі, терісінде дақтары бар екі төлді өмірге әкеледі. Олардың өмір сүру ұзақтығы 12 жылға дейін ғана», - делінген ҚР ҰҚК ақпаратында.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар