12 шіл, 2021 сағат 20:42

Ақтөбе мектебіндегі зорлық: Қылмыстық іс қозғалды


Ақтөбеде мектеп оқушысына нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық көрсету дерегінен соң білім ордасының әкімшілігігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбеде орта мектептің 1 сынып оқушысына нәпсіқұмырлық сипатта зорлық көрсетті деген күдікке қатысты тергеу жүріп жатыр. Кейін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері арнайы келіп, баламен, оның ата-анасымен кездесті. Бірден мектеп директоры мен оның орынбасары жұмыстан уақытша шеттетілді. Ал бүгін қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болып отыр. 

«Қылмыстық кодекстің «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бабы бойынша іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұл баптың санкциясында «белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.