07 мау, 2021 сағат 20:25

«Ақтөбе» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды


Белгілі қазақстандық маман Вахид Масудов «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, тараптар келісімшартқа қол қойды. 

Қазіргі кезде 61 жастағы В.Масудовтың есімі аяқдоп жанкүйерлеріне жақсы таныс. Футболшы есебінде «Қайрат» және басқа командаларда доп тепті, Қазақстан құрамасында ойнады. КСРО спорт шебері.

Сондай-ақ бапкер ретінде көптеген командаларды жаттықтырды. Соңғы клубы – бірінші лигада өнер көрсететін «Мақтаарал» командасы.