26 шіл, 2021 сағат 20:24

Ақтауда қираған түрме жатақханасы: Зардап шеккендердің бірі ауруханадан шықты


Таразда ПТР тест анықтамасын қолдан жасаған медқызметкер ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жамбыл облысының полиция департаменті ПТР тест пен вакцинация паспортын қолдан жасағандарды анықтау мақсатында іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. 

Соның аясында ПТР тестің теріс нәтижесі бар анықтаманы қолдан жасаған емхана қызметкері ұсталды. 

Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлімі бойынша тергеу жүріп жатыр. 

26 жастағы медқызметкер жалған құжат жасағаны үшін ақша алмағанын және бұл жағдай бірінші мәрте болып отырғанын мәлімдеді. Оның сөзінің рас-өтірігі тергеу кезінде анықталады. 

Ал осы анықтаманы қолданған 47 жастағы әйелдің үстінен ҚК 385-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Еске сала кетейік, Қазақстанда жалған құжат жасағандарға - 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны қолданғандарға - 40 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.