Ақтау тұрғындары ерекше табиға құбылысының куәсі болды. Олар оптикалық гало феноменін - күн айналасындағы жарық шеңберді тамашалады, - деп хабарлайды "Лада".
26 сәуірде табиға құбылысын тамашалауға мүмкіндік туды. Әлеуметтік желі қолданушылары суреттермен бөлісті.
Гало Күн мен Айдың айналасында пайда болады, кейде оны көше шамдарынан да байқауға да мүмкіндік туады. Бұл құбылыс жарық сәулесі мұзды кристаллдардың әсерінен атмосферамен шағыласады.
Осыған дейін Алматы тұрғындары осындай құбылысты тамашалаған еді. Алматылықтар 5 наурызда таңғы уақытта оптикалық феноменді тамашалаған еді.