Қазан айында Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында қар барысы тағы да фототұзаққа түсті. Бұл жөнінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Қызыл кітаптағы жануардың қайталанбас кадрлары теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікте тіркелген.
«Барыс - мысық тұқымдастардың ең жасырын жүретін өкілі. Сондықтан жаздыгүнгі биік тауларда таспаланған бейнелер аңның мекен ету ортасы мен популяциясын зерттеу үшін аса маңызды» деп мәлім етті министрліктен.
Барыс ілінген фототұзақты БҰҰ даму бағдарламасының Ғаламдық экология қоры мен Экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті орман экожүйесін сақтау мақсатында орнатқан.
Еске салайық, бүгінде Қазақстанда 120-130 ілбіс мекендейді. Өкінішке қарай, олардың саны жыл сайын азайып келеді.