Фото: Kursiv.kz
Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллардың құны 500–506 теңге аралығында өзгеріп отыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Ұлттық банктің 21 ақпанға белгілеген ресми бағамы бір доллар үшін 499,76 теңгені құрайды. Ресей рублінің орташа бағасы — 5,63 теңге, ал еуро — 521,70 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, қазіргі таңда Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың сату бағасы 504,7 теңге болса, сатып алу бағасы 501 теңге. Еуро 522–527 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада доллар 506,5 теңгеден сатылып, 500,5 теңгеден сатып алынуда. Еуроның сату бағасы — 525 теңге, сатып алу бағасы — 518 теңге.
Ресей рублі айырбастау орындарында 5,53–5,67 теңге аралығында сатылуда.