Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 523-525 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, сағат 12.25-те Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаны 522-525 теңгеден сатып, 517-519 теңгеден сатып алып жатыр. Еуроны 573-578 теңгеден сатады, 566-571 теңгеден сатып алады.
Нұр-Сұлтанда долларды сату бағамы 521-522 теңге аралығында, сатып алу - 516 теңге. Еуроны 570-571 теңгеден сатады, 560-564 теңгеден сатып алады. Бұл жағдайда ақша алмастырғыштардың көпшілігі валюта саудасын тоқтатқан.
Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге артып, 501,64 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметінше, 5 наурыздағы доллардың ресми бағамы - 499,20 теңге.
1551 рет оқылды