02 қаң, 2020 сағат 01:09

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанды қоса алғанда 5 мемлекетке сапарын кейінге қалдырды, деп хабарлайды, ҚазАқпарат.

Бұл шешімді мемлекет Бағдаттың елшілігінде болған ереуілдерге байланысты қабылдаған.

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті таратқан ақпараттарға қарағанда, мемлекетті хатшы өзінің Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Кипрге сапарын жедел түрде Вашингтонға баруы керектігіне байланысты кейінгі қалдыруға мәжбүр болған. Жиында Ирактағы жағдай мен америкалықтардың Таяу Шығыстағы құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отырыс кейінге қалдырылған», - делінген хабарламада.

«Майк Помпеоның Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Кипрге сапары 3 және 7-ші қаңтарға жоспарланған. Енді мемелекеттік хатшының сапары алдағы уақытта болады», - делінген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы таратқан хабарламада.