23 қаз, 2019 сағат 15:45

АҚШ-тың Киевтегі елшісі Трамп импичменті бойынша куәлік етті

Американың Киевте жұмыс істейтін жоғары лауазымды дипломаты Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы тергеу ісі барысында АҚШ Конгресінде куәлік етті. Бұрынғы офицер және дипломат Уильям Тейлор қазір Киевтегі АҚШ димломатиялық миссиясын басқарады. Ол өкілдер палатасының үш комитетіндегі жабық тыңдауда сөйледі.

Ол Трамп әкімшілігінің Украинаға қатысы бар қадамдарына, соның ішінде Украина қауіпсіздігіне берілуі тиіс көмектің тоқтап қалғанына Тейлордың келіспейтіні туралы өзге куәлердің хабарынан кейін шақырылған.

Тейлордың кіріспе сөзінен дәйек келтірген The New York Times пен The Washington Post хабарына қарағанда, дипломат Украинаға берілетін АҚШ-тың көмегін Трамп Украинаның АҚШ президентінің саяси қарсыластарының ісін тексеруге қаншалықты дайын екенімен байланыстырмақ болған. Бұл айыпты Трамп бірнеше рет теріске шығарып, "президентті қинауға тырысу" деп бағалаған.

Мәлімдеме мәтініне қарағанда, Тейлор Трамптың Украинаға қатынасы ресми арналарды айналып өтіп, бейресми саясат тұрғысынан жүргізген.

Дипломат Трамптың ниетін "Украинаның АҚШ-тағы президент сайлауына араласқаны" жайлы теорияны таратып жүрген Трамптың жеке адвокаты Руди Джулиани де қолдағанын атап өткен.

Президентке импичмент жариялау ісінде Тейлордың куә ретінде пайда болуы - Трампты биліктен тайдыруға бағытталған кезекті әрекет» деп жазады Reuters Агенттігі.

АҚШ-тың демократтар басқаратын өкілдер палатасы Трамп пен Украина президенті Зеленскийдің 25 шілдедегі телефон әңгімесін егжей-тегжейін тексеріп жатыр. Америкалық басылымдар Трамптың Зеленскийді 2020 жылғы сайлауда өзінің бас қарсыласы болатын Джо Байденнің үстінен жемқорлық дауы бойынша іс қозғауға мәжбүрлемек болғанын жазды. Сыншылар Трамп "қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, ықтимал қарсыласына компромат табуға тырысты" деп айыптады. Дональд Трамп бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Трамп пен Зеленский арасындағы әңгіме белгілі болғаннан кейін АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар Трампқа "берген сертін бұзғаны үшін" импичмент жариялау процесін бастаған. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Трамптың қысым жасамағанын айтқан.