16 мау, 2020 сағат 10:53

АҚШ-та теңізге құлаған әсери ұшақ ұшқышының денесі табылды

Солтүстік теңізде апатқа ұшыраған АҚШ Әскери әуе күштері жойғышы ұшқышының денесі табылды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

F-15C Eagle АҚШ Әскери әуе күштерінің Англиядағы ең ірі базасынан ұшып шыққан. Әуе кемесінің сынықтары табылды. 

Полковник Уилл Маршалл соғылған F-15C Eagle-дің ұшқышының денесі табылғанын растады. Апаттың себебі әзірге белгісіз. 

Еске салсақ, кеше АҚШ әскери әуе күштерінің жойғыш ұшағы Солтүстік теңізінде апатқа ұшырағаны туралы хабарлаған болатынбыз.