АҚШ-тың Массачусетс штаты Уэст-Тисбери қаласында 17 жастағы Дэвин Айсулу Такэбери көз жұмды, деп хабарлайды The Martha’s Vineyard Times.
Бозбала 1 қыркүйекте өмірден өткен. Алайда оның жеке тұлғасы енді ғана анықталыпты. Өлімнің себебі туралы ақпарат жоқ.
Дэвин 2001 жылы 16 қазанда Қостанайда туған. Бір жас екі ай толғанда америкалық отбасы - Уэйн және Кэтлин Тэкабери асырап алған.
Ол орта мектептің 12-сыныбында оқып жүрген. Қазақстан тумасы Солтүстік Америкадағы қазақ диаспорасымен байланыста болған. Достары көп болған.
Дэвин гимнастикаға және би өнеріне, сондай-ақ сурет салу мен фото түсіруге әуес болған.