03 жел, 2020 сағат 10:50

АҚШ-та 28 жыл сақталған эмбрионы қатып қалған сәби дүниеге келді

АҚШ тұрғыны Молли Эверетт Гибсон эмбрионы қатып қалғаннан 28 жыл өткен соң дүниеге келді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews Newser порталына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, бұл - рекорд көрсеткіш. Нәрестенің эмбрионы 1992 жылы қазанда қатып қалған.

Ерлі-зайыпты ұзақ уақыт бойы бедеуліктен емделіп, Ұлттық донорлық және эмбрион орталығының көмегімен донорлық эмбрионды қолданған. Ол ұйымда қатып қалған эмбриондар сақталады екен.

"Мұздатылған эмбрионнан шыққан нәрестенің ата-анасы болғысы келетін ерлі-зайыпты әдетте 200-300 донордың ішінен таңдай алады, сондай-ақ, болашақ ата-ана олардың демографиялық тарихы туралы мәлімет ала алады", - деп түсіндірді орталық өкілі Марк Меллингер.