Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы АҚШ-тың сауда министрі Говард Латник мәлім етті.
"Трамп бұған шаршады. Ол Қытай немесе басқа елдер тауар жеткізетін айналма жол қалуын қаламайды. Ол бұл жолдарды жапты", — деді ол.
Бұған дейін Трамп әртүрлі елдердің 30 аумағына баж салығын енгізген болатын. Олардың қатарында тек пингвиндер мен басқа жануарлар мекендейтін Херд және Макдональд аралдары да бар.