25 қыр, 2025 сағат 16:09

АҚШ-қа сәлемдеме жөнелтуге уақытша тыйым салынды – «Қазпошта»

Фото: «Қазпошта» АҚ 


«Қазпошта» АҚ АҚШ Шекара-кеден қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне байланысты бұл елге сәлемдеме қабылдау мен жеткізуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Ult.kz.


Хаттар мен құжаттарды жіберу әдеттегідей жалғасады. Компания шектеуді америкалық тарап енгізгенін, ол көптеген елдерден келетін халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты екенін хабарлады.


Қазір Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 мемлекеттің ішінде тек бесеуі ғана АҚШ-қа сәлемдеме жібере алады.


«Қазпошта» қызметті қайта қалпына келтіру үшін серіктестермен белсенді келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.