Венесуэланың жаңа сайланған президенті Николас Мадуро Euronews-ке берген сұхбатында АҚШ жіберген гуманитарлық көмек уланғанын және оны пайдалану жарамсыз екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.
Мадураның айтуынша, Колумбиядағы оның дереккөздері келген көмек бұзылған және уланғанын хабарлаған.
«Азық-түлік канцерогенді химиялық элементтермен бүлінген. Олар тиісті бақылаудан өте алмаған. Содан кейін азық-түліктер Колумбияның өзінде тамақтан улану жағдайына әкеп соқты», - деді президент.
Оның сөзіне қарағанда, АҚШ пен Венесуэланың оппозициясы елді қорлау үшін тұрғындарға гуманитарлық көмек беріп отыр. Сондықтан Мадуро уланып қалудан қорқып, еліне гуманитарлық азық-түлікті кіргізбей отыр.
Ол Венесуэланың ешқандай мемлекеттің көмегіне мұқтаж емес екенін айтты. Венесуэла өз-өзін қамтамасыз ете алады. Тек АҚШ Венесуэланың 10 млрд долларын бұғаттап тастаған, сондықтан ел игілігі үшін бұл қаражатты пайдалана алмай отыр.
10 ақпанда Колумбияның Кукута қаласына Венесуэла азаматтарына арналған гуманитарлық көмектің бірінші бөлігі келді. АҚШ өзін уақытша ел президетімін деп жариялаған Хуан Гуайдоның өтінішіне жауап ретінде медикамент және ақуызы жоғары тамақ жолдаған. Ал Мадура Колумбиядан азық-түлік Венесуэлаға өтіп кетпеуі үшін әскерилерге Колумбиямен шекараны жабуды тапсырды.
Оппозицияның көшбасшысы және парламент спикері Хуан Гуайдо 23 қаңтарда өзін уақытша президентпін деп жариялады. Ол уақытта Венесуэлада жаппай наразылық шаралары болып жатқан. АҚШ, ЕуроОдақтың көп мемлекеті және латынамерикалық елдердің көп бөлігі оны заңды мемлекет басшысы деп таныды. Ал Ресей Мадуроны қолдайтынын жариялады.