08 ақп, 2021 сағат 09:38

АҚШ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне қайта оралмақ

АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің әкімшілігі БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесімен өзара әрекеттестікті қалпына келтіруге дайындалу үстінде. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Оның дереккөздеріне қарағанда, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен тәулік ішінде елдің «Женевада орналасқан бұл құрылымға байқаушы ретінде оралып, кейін толыққанды мүшесі ретінде сайлануға ниетті екенін» жариялайды. Агенттік «бұл шешімнің АҚШ-тағы консервативті заң шығарушылар, сондай-ақ Израильді қолдайтын күштер тарапынан сынға ұшырауы» мүмкін екенін жазады. 

Материалда атап өтілгендей, Байден әкімшілігі Адам құқықтары жөніндегі кеңес «реформалануы тиіс екенін», ал оған қол жеткізу үшін ең тиімді әдіс – «онымен принциптерді басшылыққа алып өзара әрекеттесу» деп санайды. 

Адам құқықтары жөніндегі кеңес «бүкіл әдемдегі зорлық пен әділетсіздікке қарсы күрес жүргізетіндер үшін маңызды форум» болып табылады. 

«Америка әкімшілігі оның жұмысына «әлеуетінің толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз ету» үшін қатысуға ниетті» делінген жарияланымда.