Токионың жоғарғы соты Жапония үкіметіне АҚШ-тың Йокота әскери базасынан шыққан шу үшін Фусса қаласының (астаналық перфектура құрамына кіреді) тұрғындарына 7 млн АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеуді міндеттеді. Өтемақыны үйлері әскери базаға көршілес орналасқан мыңға жуық адам алады, деп хабарлады бүгін, бейсенбіде Kyodo агенттігі.
«Базадан шыққан шу шамадан асып кеткен. Қала тұрғындарының күнделікті өмірін бұзып, эмоциялық тұрғыдан қажытып жіберген», - деді сот төрағасы Сигэру Наканиси.
Йокота солтүстік-батыс Тынық мұхит аймағындағы АҚШ-тың ең ірі әскери-көлік әуе байланысы қызметін атқарады. Бұл жерде сондай-ақ, Жапониядағы АҚШ Қарулы Күштерінің штабы орналасқан.