Ақорда резиденциясында Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Түркияның әнұрандары орындалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайында күтіп алғаны хабарланған болатын.