04 мау, 2021 сағат 11:31

Ақмолада немересі әжесінің 1 млн теңгеге жуық зейнетақысын букмекерге жұмсаған


Ақмолада немересі зейнеткердің бір млн теңгеге жуық ақшасын букмекерлікке жұмсаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

14 мамырда Ақкөл ауданы Еңбек ауылының 70 жастағы тұрғыны 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында белгісіз адамдар оның банк шотынан 848 мың теңге көлемінде ақша қаражатын ұрлағаны туралы өтінішпен полицияға жүгінді. 

Зейнеткер банкоматтан қолма-қол ақша алғысы келген, бірақ шотта ақша жоқ екенін білгенде қатты таң қалды. 

Банк ақша букмекерлік кеңсенің шотына аударылғанын хабарлады. 

Полицейлер ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс бастады. 

Әңгіме барысында полицейлер зардап шегушінің немерелерінің банк картасын қолдана алатынын анықтады. 

Жас жігіт бұл әрекетін мойындады. Немересі банк картасы байланған әжесінің ұялы телефонын пайдаланып, ставка жасап, бұл туралы әжесіне айтпай ақша аударған. 

Операцияларды растау коды бар хабарламалар өшірілген. 

Ақмола полицейлері ешқандай жағдайда картаны суретке түсіре алатын немесе одан ақпаратты өзге тәсілмен көшіре алатын үшінші тұлғалардың қолына беруге болмайтынын ескертеді. 

«Күдікті есептен шығаруды жіберіп алмау үшін транзакция туралы SMS-хабарламаны қосыңыз. Банк карталарының пин-кодын ешкімге айтпаңыз. Өзіңізбен бірге алып жүретін және күнделікті шығындар үшін пайдаланатын картада үлкен ақшаны сақтамаңыз. Қажет болса, негізгі шоттан немесе депозиттен аударым жасаған дұрыс» деп ескертегі полицейлер.