20 қаз, 2021 сағат 14:20

Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы ер адам ұсталды


Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қазанның 19-да Ерейментау аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 52 жастағы жергілікті тұрғынынан арыз түскен. Ер адамның сөзінше, оның 16 жастағы ұлын ер адам пышақпен қорқытқан. 

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын Қылмыстық кодекстің 99-шы бабының 1-бөлігі, 293-ші бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылған жергілікті тұрғын, 60 жастағы ер адам анықталды. Тексеру кезінде күдіктіден пышақ тәркіленді», - деді ведомстводан. 

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 293-ші бабының 3-бөлігі «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Күдіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.