#
#
Жексенбі 24/01/2021

Ақмола облысында сібір елігін атып алған браконьер ұсталды

  • 23.11.2020
  • 0
  • 134

Ақмола облысының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері сібір елігін атып алған браконьерді ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, «Ұлан-Каменка» автокөлік жолының бойында 52 жастағы жергілікті тұрғынның автокөлігін тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан сібір елігінің еті табылды. Тергеу барысында ер адам елікті аңшылық, қосауыз мылтықпен атып алғаны анықталды. Оның мылтықты сақтау және тасымалдауға рұқсаты болмаған. 

«Осыған байланысты ер адамның үстінен Қылмыстық кодекстің 337 бабы «заңсыз аңшылық» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен бірге, сот-балистикалық, сот-криминалды сараптама тағайындалды», - дейді ведомстводан.

Аталған санкция бойынша заңсыз аңшылықпен айналысқанға 3000 айлыққа дейінгі есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, ал, браконьерлерге 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Теги: браконьер, сібір елігін атып алған, сібір елігі, Ақмола

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар