Ішкі істер министрлігі Қазақстанның бірқатар аймағында «STOP-трафик» акциясын өткізіп, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне қатысты ауыр қылмыстардың бетін ашқан, деп жазады Ult.kz.
Министрлік таратқан ақпаратқа қарағанда, Ақмола облысында бірнеше діни ұйымның заңға қайшы әрекеттері анықталған.
Аталған топтар өздерін тіпті «рухани орталық» ретінде көрсетіп, адамдарды азғындыққа итермелеген.
«Аталмыш топ еркін жыныстық қатынастарды және отбасылық құндылықтардан бас тартуды насихаттайтын «рухани орталық» ұйымдастырған. Тінту барысында діни әдебиеттер, атрибуттар мен ритуалдық заттар табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу басталды», - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
