Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақмола облысының Ерейментау ауданының прокурорлары 10 мың гектар жерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлады өңір прокуратурасы.
"Биыл қадағалау актісінің негізінде жалпы кадастрлық құны 82,7 млн теңгені құраған, жалпы ауданы 10 мың гектарды құрайтын 6 жер телімі мемлекетке қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Аталған учаскелер 3 жылдан астам уақыт бойы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.