14 мау, 2021 сағат 21:21

Ақмола облысында 25 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырады


Ақмола облысында 25 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы маусымның 14-де сағат 09:35 кезінде «Ақсу-Бестөбе-Изобильное» тасжолының 37-шақырамында болған. 

«Анықталғандай, «Ауди» көлігінің 1978 жылғы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, қарсы бағытта жүріп келе жатқан «Kaessbohrer Setra» жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан автобуста болған 25 жолаушының жетеу і түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - деді ведомстводан. 

Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасына байланысты кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту үшін материалдар сотқа жолданды.