Фото: ҰОК
Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жекелей сындағы финалдық жарыстары аяқталды. Бұл турнирдің үздігі қазақстандық Ақмарал Ерекешева болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Ақмарал Ерекешева үш бірдей финалға бірінші орынмен жолдама алып, әр финалда ол жеңіс тұғырына көтерілді.
«Оның қоржынында екі "алтын" және бір "күміс" бар. Алдымен Ерекешева доппен жаттығуларда үздік атанды. Содан кейін лентамен жаттығулар финалында жеңіске жетті. Күміс жүлдені ол шеңбермен жаттығуларда жеңіп алды. Айғаным Рысбек шоқпармен жаттығуларда бесінші нәтиже көрсетті», – делінген хабарламада.
Айта кету керек, Ақмарал Ерекешева жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық гимнастшы атанды.