Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов «зорланған» үш айлық қызға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спикер өзінің Instagram-дағы тікелей эфир кезінде қылмыстық істі Түрксіб аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатқанын айтты.
«Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 11 қыркүйек күні тіркелді. Қазір сараптама тағайындалды. Арыз бойынша тіркелген қылмыстың іске сәйкес, кішкентай бала үш айлық кезінде әкесінен зорлық көрген. Біз қазір бұл жағдайды егжей-тегжейлі тексеріп жатырмыз. Белгіленген сараптамалық зерттеу әлі дайын емес. Сараптамалық мекеменің талабы бойынша сараптамаға бірқатар маман тартылды», - деді Рустам Әбдірахманов.
Сонымен қатар, ол қылмысқа қатысы бар адамдар бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
«Айыпталушылар Алматыда, қаладан ешкім ешқайда кеткен жоқ, бұл адамдар үшін бұлтартпау шарасы таңдалмады. Қазіргі уақытта ешкім ұсталған жоқ, біз бәріміз сараптаманың қорытындысын күтеміз. Ол әлі дайын болған жоқ. Сараптамамен басқа ведомство айналысады. Қорытынды қандай болатынын ешкім білмейді. Барлығы өндірісте және бақылауда», - деді қалалық полиция өкілі.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Алматыда үш айлық нәрестенің зорланғаны туралы ақпарат тараған болатын.