15 ақп, 2022 сағат 14:00

«Ақ майнерлерге» қарсы міндеттемелер қойылады – Бағдат Мусин


«Ақ майнерлерге» қарсы міндеттемелер қойылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нарықты реттеу бойынша цифрлық майнингті лицензиялау енгізіледі. Мұнда негізгі критерий - техникалық талаптарға сәйкес болу, яғни қажетті жабдықтардың, өрт қауіпсіздігі бойынша тиісті бөлменің және міндеттемелердің болуын қарастыру. Сондай-ақ, арнайы тарифті енгізу, электр энергиясын квоталау жүйесі нарық мүшелері мен жалпы мемлекет үшін ашық және түсінікті нарық қағидаттарын орнатады», - деді ол. 

Министр халықаралық тәжірибені ескере отырып, салық салудың оңтайлы жүйесі айқындалатынын айтты. 

«Бұл жайтта, қытай тәжірибесін қайталамау үшін нарығымыздың бәсекелестігін арттыру, маңызды ойыншылардың елімізде жұмыс істеуге деген ынтасын сақтау секілді тәуекелдер ескерілетін болады. Сондай-ақ, ESG талаптарын сақтау тұрғысынан «ақ майнерлерге» қарсы міндеттемелер қойылатын болады. Цифрлы активтер жөніндегі заң жобасы бір топ мәжіліс депутатымен бастамашылық етілген болатын. Бұл іс-шаралар аталған заң жобасының аясында талқыланады», - деді Бағдат Мусин.