Фото: ашық дереккөз
Биыл 29 наурызынан бастап «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды, деп хабарлайды Ult.kz.
Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, рейстер аптасына 3 рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Осылайша Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейін артпақ.
"Рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде", - делінген хабарламада.
