06 қаз, 2024 сағат 16:56

АЭС салу бойынша референдум өтті деп есептелді: Сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берді

Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда 6,3 миллионнан астам адам, яғни 51,77 пайыз атом электр станциясын салуға қатысты референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Ult.kz.

Орталық сайлау комитетінің мүшесі Сәбила Мұстафинаның хабарлауынша, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77 пайызы сайлау бюллетендерін алды.

"Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республика бойынша 6 миллирн 339 мың 425 азамат бюллетень алды", – деді Сәбила Мұстафина.


Өңірлер бойынша дауыс берген қазақстандықтардың саны пайызбен есептегенде келесідей бөлінді:

Абай облысында – 52,99%;
Ақмола облысында – 54,91%;
Ақтөбе облысында – 52,85%;
Алматы облысында – 59,32%;
Атырау облысында – 52,91%;
Батыс Қазақстан облысында – 50,52%;
Жамбыл облысында – 48,80%;
Жетісу облысында – 55,42%;
Қарағанды облысында – 59,92%;
Қостанай облысында – 61,54%;
Қызылорда облысында – 54,13%;
Маңғыстау облысында – 46,19%;
Павлодар облысында – 49,18%;
Солтүстік Қазақстан облысында – 48,00%;
Түркістан облысында – 67,38%;
Ұлытау облысында – 59,65%;
Шығыс Қазақстан облысында – 61,73%;
Астанада – 45,19%;
Алматыда – 16,91%;
Шымкентте – 64,38%.

"Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31-бабының 2-тармағына сәйкес референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан жағдайда референдум өтті деп есептеледі", – деді Сәбила Мұстафина.


Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Тізімдерге 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген. Референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім, егер ол үшін азаматтардың жартысынан көбі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.