Фото: Kazinform
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев британдық саясаткер Маргарет Тэтчерге тиесілі «Достық» орденінің сатылуы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform ХАА.
«Бұл ақпараттан хабардармыз. Әрине, біздің заңнама бойынша мемлекеттік наградаларды сатуға болмайды. Бұл үшін біздің Қылмыстық кодексте жауапкершілік бар. Егер адам мемлекеттік наградаларды саудаласа, тиісті жауапкершілікке тартылады. Маргарет Тэтчер тарихи тұлға болғандықтан, олардың жеке заттарын, құжаттары мен хаббарын аукционға шығару тәжірибесі бар. Бұл олардың мәдениетінің бір бөлігі», — деді министр М. Нәрікбаев атындағы университетте тілшілерге берген сұхбатында.
Тілшілер министрден дәл осы оқиға бойынша тексеру жүргізу мен жауапқа тарту шаралары жүргізіле ме деп сұрады.
Өз кезегінде А. Есқараев бұл сұрақ Сыртқы істер және Мәдениет министрліктерінің құзыретінде екенін айтты.
Бұған дейін БАҚ беттерінде Маргарет Тэтчерге табысталған «Достық» орденінің сатылымға шығарылғаны хабарланған еді.
Бұл марапат Маргарет Тэтчерге 2001 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін берілген.