15 там, 2016 сағат 06:33

Әділбек Ниязымбетов жартылай финалға шықты (видео)

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 81 келіге дейінгі дәрежесінде өнер көрсететін қазақ боксшысы Әділбек Ниязымбетов жартылай финалға жолдама алды, деп жазады "Ұлт ақпарат".

Жерлесіміз ширек финалда әзірбайжандық Тимур Маммадовты айқын басымдықпен ұтты. Әділбек қарсыласынан 3:0 (30-27, 30-27, 30-27) есебімен басым түсті.

Енді ол жартылай финалда ұлыбританиялық Джошуа Буатсимен кездеседі. Жекпе-жек  кездесу 17 тамыз күні өтеді.

Әділбек бұған дейін Беларусь елінің боксшысы Михаил Долголевецты жеңген болатын.

Ұлт порталы