05 ақп, 2026 сағат 15:31

Әдемі нөмірге «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тапсырыс беруге болады


Фото: ашық дереккөз


«ЦОН» мобильді қосымшасында «әдемі» мемлекеттік нөмірлерді онлайн тапсырыс беруге арналған жаңа қызмет іске қосылды, деп хабарлайды Ult.kz.


Қалай тапсырыс беруге болады?


«ЦОН» қосымшасында қалаған нөмір мен серияны енгізу керек. Өңір өтінім берушінің тіркелген мекенжайына сәйкес автоматты түрде анықталады. Жүйе бірден таңдалған комбинацияның бос немесе бос емес екенін көрсетеді.


Егер нөмір бос болса, азамат бірден төлем жасап, дайын нөмірді алу үшін өзіне ыңғайлы бөлімшені таңдайды. Таңдалған комбинация бос болмаса, жүйе бұл туралы хабарлап, басқа нұсқаны енгізуді ұсынады.