24 қаз, 2017 сағат 10:35

Адамзат тарихын қайта жазуға себеп болатын жаңалық ашылды

Германияда профессор Герберт Лутц бастаған археологтар командасы адамзат тарихын қайта жазуға себеп болады деген тістер жиынын тапты. Бұл туралы Deutsche Welle жазды, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

Тістер Рейн өзенінің жағасында Эппельсхайм қаласының маңында табылған. Бұл тістер алғашқы адамдар - Эфиопияда ғана қалдығы табылған Люси (Australopithecus afarensis) мен Ардидің (Ardipithecus ramidus) тістеріне ұқсайды екен. Ғалымдардың пайымдауынша, Германияда табылған тістер 9,7 миллион жыл бұрын өмір сүрген адамдарға тиесілі. Сөйтсек, ғалымдар сол тістермен бірге қазір тұқымы жойылып кеткен жылқылардың қалдығын тауыпты. Яғни, бұл тістердің жасы африкалық қаңқалардан төрт миллион жылға үлкен. Ғалымдар өз көздеріне өздері сенбей, бұл жаңалықты жариялау алдында бір жыл бойы зерттеу жүргізіпті. 

Осылайша алғашқы адамдар Африкада пайда болған және сол жақтан Жер шары бойынша таралған деген теория қайта қаралуы мүмкін. Қазіргі уақытқа дейін адам тегі Африкада пайда болған теория ақылға қонымдысы болып келген. 

"Қиялға тым берілгім келмейді, бірақ адамзат тарихын бүгіннен бастауымыз керек сияқты", - деп мәлімдеді Майнц мэрі Майкл Эблинг осы оқиғаға байланысты өткен баспасөз мәслихатында. 


"Бұл - тамаша жетістік, бұл - ұлы жұмбақ", - деп келтіреді профессор Герберт Лутцтың сөзін "Моя планета".