20 шіл, 2021 сағат 13:07

Абылайхан Жүсіпов Токио Олимпиадасының ұйымдастыру деңгейі туралы айтты


Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Токиодағы алғашқы жаттығу күндері қалай өтіп жатқанын айтып, шағын сұхбат берді, деп жазады Olympic.kz.

«Токио қаласына келіп, олимпиадалық ауылға орналастық. Мұнда спортшыларға керекті дүниенің бәрі де бар. Бар жағдай жасалған. Рио Олимпиадасына да қатысқанымды білесіздер. Егер салыстырмалы түрде қарасақ, екі елдегі ұйымдастыру деңгейі ұқсас. Токиода жаттығуды бастап кеттік. Арнайы тренажер залы да бар екен.

Барлық ережелерді сақтап жүрміз. Күніне бірнеше рет ПТР тест тапсырамыз. Әрине, бұл аздап жалықтырады. Дегенмен, барша әлем пандемиямен күресіп жатқандықтан, бұл талапқа мойынсұнамыз», - дейді Жүсіпов.